Бұланды ауданының прокуратурасы мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы сақтау мәселесі бойынша аудандық білім бөлімінің қызметіне талдау жүргізіп, заңбұзышылыққа жол берген басшылыққа айыппұл салды, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.
Ақпаратқа сәйкес, 2022-2024 жылдар бойы мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу кезінде Бөлім техникалық ерекшелікте сатып алынатын тауардың жеке өнім берушіге тиесілігін айқындайтын тауар белгілерін, фирмалық атауларын, өндірушінің атауларын заңсыз көрсеткен.
Атап айтқанда, күзет-өрт дабылы жүйелерінің жабдықтарын, кеңсе техникасын, сондай-ақ құрылыс материалдарын сатып алуға 11 шарт анықталды. Жоғарыда аталған заңбұзушылықтар бәсекелестікті едәуір тарылтады, әлеуетті өнім берушілердің ауқымын шектейді, – делінген хабарламада.
Прокуратураның қадағалау актісі бойынша Бөлім басшылығы ӘҚБтК-нің 207-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оған 1 млн теңге мөлшерінде айыппұл салынды (айыппұл қысқартылған тәртіппен төленді).