Ақмола облысында мектеп автобусы 10 жастағы оқушыны басып кетті, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.
Ақмола облысы полиция департментінің мәліметінше, бүгін Қараөткел кентіндегі мектеп аумағында жүргізуші мектеп автобусымен 10 жастағы қызды басып кеткен.
«Бала сол жерде көз жұмды. Осы оқиға бойынша полиция қызметкерлері тергеу жүргізіп жатыр», – дедінген хабарламада.