$ 457.21
 534.62
 6.08

Ақмола облысында 300-ге жуық мұғалімге жалақы төленбеген

Редактор
12.05.2025, 16:15
Фото: pixabay.com
Фото: pixabay.com
Қадағалау актісі бойынша аталған берешек толық көлемде өтелді

Ақмола облысында мұғалімдерге жалпы көлемі 80 млн теңге болатын жалақы төленбеген, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz. 

Облыстық прокуратура мәліметінше, Ерейментау ауданында 9 мектепте 298 мұғалімге 80 млн теңге жалақы бойынша берешек белгіленді.

Қадағалау актісі бойынша аталған берешек толық көлемде өтелді, осылайша 298 мұғалімнің конституциялық құқығы қорғалды.

Последние новости

Посмотреть все