Алматы соты Алматының бұрынғы бас сәулетшісі Алмасхан Ахмеджановқа қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.
Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының шешімімен Алмасхан Ахмеджанов билікті асыра пайдаланғаны және алаяқтыққа қатысқаны үшін кінәлі деп танылып, 11 жылға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ ол мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айырылды. Алмасхан Ахмеджанов жазасын қауіпсіздігі орташа түзеу мекемесінде өтейді.
Жер қатынастары бөлімінің бұрынғы басшысы Ардақ Самамбетов те кінәлі деп танылып, оған өмір бойына мемлекеттік қызметте қызмет атқаруға тыйым салынып, орташа қауіпсіздік жүйесімен 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Жер қатынастары басқармасының жерге орналастыру, жерлерді алып қою және резервте қалдыру бөлімінің бұрынғы басшысы Ерлан Жармұхамбетов те мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айырылды. 14 жылға бас бостандығынан айырылған Ерлан Жармұхамьетов жазасын орташа қылмыстық-атқару жүйесінде өтейді.
Сондай-ақ бағалаушы компанияның директоры Алмазхан Бәкіров енді мемлекеттік қызметте жұмыс істей алмайды. Ол 8 жылға бас бостандығынан айырылып, жазасын орташа қауіпсіздіктегі қылмыстық-атқару жүйесінде өтейді. Ол сот залында қамауға алынды.
Негізгі сот процесі 2024 жылдың қыркүйегінде басталған.
Айыпталушылардың қатарында Алматы қалалық жер қатынастары басқармасының бұрынғы басшысы Ардақ Самамбетов, кәсіпкер Берік Өскембаев, бағалау компаниясының директоры Алмазхан Бәкіров, жер қатынастары басқармасының бұрынғы басшысы Ерлан Жармұханбетов, сондай-ақ кәсіпкер, Жамбыл облыстық мәслихатының депутаты Шалқарбеталы Мұқанбеков бар. Оларға сыбайлас жемқорлық, алаяқтық, қызметтік өкілеттіктерін асыра пайдаланып, Алматыдағы жер мен құрылысқа рұқсаттарды ұрлауға қатысты күрделі заңсыз схемаларға қатысты деген айыпталды.