Алматыда үш жігіт қызды күштеп алып қашпақ болды

Редактор
18.09.2025, 14:32
Алматыда үш жігіт қызды күштеп алып қашпақ болды
Алматыда үш жігіт қызды күштеп көлікке отығызбақ болды, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.
Алматыда үш жігіт қызды күштеп көлікке отығызбақ болды, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.
 
Көршілер қыздың жанұшыра көмек сұраған дауысын естіп, далаға жүгіріп шыққан. Олар бойжеткенді құтқарып қалды.
 
Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде тарады.
 
"15 қыркүйекте "102" арнасына куәгерлерден түскен хабарлама бойынша оқиға орнына дереу полиция қызметкерлері жіберілді. Оқиғаға қатысушылардың барлығы анықталды", деп хабарлады Алматы қалалық полиция департаменті баспасөз қызметі.

Ведомствоның мәліметінше жас жігіт пен қыз бір-бірін бұрыннан танитын болып шықты.

"Бойжеткен арыз жазудан және шағым түсіруден бас тартты. Сонымен қатар ер адамға құқық бұзушылық үшін жауапкершілік қарастылғаны түсіндіріліп, профилактикалық әңгіме жүргізілді", - деп түйіндеді полиция.