Алматыда тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарының балаларына полицейлер қолдау көрсетті

Редактор
8 дек. 2025 г., 21:27
Алматыда тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарының балаларына полицейлер қолдау көрсетті

Алматыда полицейлер дағдарыс орталығындағы балаларға қыстық киімдер сыйлады, деп хабарлайды bairaqmedia.kz

«Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күндік белсенді іс-қимыл» республикалық акциясы аясында Түрксіб аудандық полиция басқармасының отбасы мен тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күрес бөлімінің инспекторлары, қамқорлық танытқан мейірімді азаматтармен бірлесе отырып, тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарының дағдарыстық орталығында тұратын балаларға қайырымдылық шарасын ұйымдастырды.

Мекеме әкімшілігімен алдын ала балалардың жас ерекшелігі мен қажеттіліктері келісілген соң, акцияға қатысушылар жылы сыйлықтар дайындады. Әрбір балаға қысқы киімдер - бас киім, шарф және қолғап табысталды.

Мұндай бастамалар қиын жағдайда қалған отбасыларға қолдау көрсетуге бағытталған және мемлекет пен қоғамның бірлескен күш-жігері ерекше назар мен қолдауды қажет ететіндерді қорғауда қалай көмектесетінін көрсетеді. Балалар мен аналарға қалпына келу кезеңінде көрсетілетін қамқорлық пен көңіл бөлу маңызды және құқық қорғау органдарына сенімділікті қалыптастырады, - деп атап өтті Түрксіб аудандық полиция басқармасының бастығы Думан Аухадиев.