Алматыда жер сілкінді

Редактор
4 дек. 2025 г., 18:48
Алматыда жер сілкінді

Бүгін, 4 желтоқсанда, Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтары жер сілкінісін сезді, деп хабарлайды bairaqmedia.kz

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, жерасты дүмпулері шамамен сағат 12:45-те байқалған.

Астана уақыты бойынша сағат 12.45-те жер сілкінісі тіркелді. Зардап шеккендер мен қиратулар туралы ақпарат болған жоқ. Ақпарат нақтылануда, - деп хабарлады ТЖМ.

Алматы тұрғындарының телефон құрылғыларына жер сілкінісі туралы хабарландыру келген.