Алматыда Жандосов пен Береговой көшелерінің қиылысында жедел жәрдем көлігі жаяу жүргіншіні қағып кетті, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.
Желіде тараған видеода сол жедел жәрдем бригадасының фельдшерлері жолда жатқан жасөспірімге алғашқы медициналық көмек көрсетіп жатқанын байқауға болады.
– Науқас дереу №2 қалалық балалар клиникалық ауруханасының қабылдау бөліміне жеткізілді. Нейрохирургтің тексеруінен және қажетті зерттеулерден кейін «жабық бас-ми жарақаты, мидың шайқалуы, бастың, беттің және сол жақ тізе буынының жұмсақ тіндерінің көгеруі» деген диагноз қойылды, - деп хабарлады Алматы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Дәрігерлердің айтуынша, баланың жағдайы орташа ауыр.
Науқас әрі қарай бақылау және қажетті ем алу үшін нейрохирургия бөлімшесіне жатқызылды.