Алматы қаласы Медеу аудандық соты қалалық коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы басшысының орынбасары Н. Кажиннің үкімін жариялады, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.
Антикор ақпаратына сәйкес, ол аула аумақтарын санитарлық тазалау бойынша жұмыстарды мемлекеттік сатып алу шарттарын жасасуға жәрдемдесу сылтауымен 19,5 млн теңге көлемінде жергілікті кәсіпкердің ақшасын иемденгені үшін кінәлі деп танылды.
Кажинге мемлекеттік қызметте және мемлекеттік сектор субъектілерінде қызмет атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, – делінген хабарламада.
Осы үкіммен мемлекет кірісіне құны 21 млн теңгеден астам тұратын екі автокөлік тәркіленді.
Сот актісі заңды күшіне енген жоқ.