Алматыда автобустың қатысуымен жол апаты болып, 6 адам зардап шекті

Редактор
09.06.2025, 19:38
Алматыда автобустың қатысуымен жол апаты болып, 6 адам зардап шекті
Алматыда автобус пен бес жеңіл көлік соқтығысты. Жол апатынан алты адам зардап шеккен, деп хабарлайды bairaqmedia.kz

Алматыда автобус пен бес жеңіл көлік соқтығысты. Жол апатынан алты адам зардап шеккен, деп хабарлайды bairaqmedia.kz

8 маусымда сағат 11:50-де жеке тасымалдаушыға тиесілі Yutong маркалы автобустың жүргізушісі Сейфуллин көшесімен солтүстік бағытта келе жатқан. Кенеттен ер адам рульге ие бола алмай, қарама-қарсы бағытқа шығып кеткен.

Автобус сол жерде бағдаршамның қызыл түсіне тоқтаған бес көлікпен соқтығысқан.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан 6 адам дене жарақатын алды. Олар ауруханаға жеткізілді. Жол-көлік оқиғасы бойынша Түрксіб аудандық полиция басқармасы тергеу жұмыстарын бастады, - деп хабарлады Алматы қаласы ПД баспасөз қызметі.