Алматыда 90 жылдық тарихы бар спорт мектебі сүрілетін болды

Редактор
6 февр. 2025 г., 17:51
Алматыда 90 жылдық тарихы бар спорт мектебі сүрілетін болды

Алматыда 1935 жылы салынған мектеп-интернаты сүріледі. Бұл туралы Алматы әкімі Ерболат Досаев айтты, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.

Досаевтың айтуынша, 1935 жылы салынған Спорттағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернатының қазіргі күйі нашар. Сондықтан оның орнына жаңа ғимарат салынады. Қазіргі уақытта жобалау-сметалық құжаттама әзірленіп жатыр.

"Бұл ғимарат бұзылады. Бізге бұл нысан сәулет ескерткішіне жататынын айтқандар болды. Бірақ балаларды мұндай «сәулет ескерткішінде» ұстауға болмайтыны анық. Әсіресе, спорт мектептерінде. Мемлекеттік сараптаманың жауабын алғаннан кейін байқау өткіземіз, қаражат қарастырылған, - деді қала әкімі Алмалы ауданының тұрғындарымен кездесуі барысында.