Алматы облысының түлегі 320 миллион теңгеге жуық шетелдік грант жеңіп алды

Редактор
05.06.2025, 01:35
Алматы облысының түлегі 320 миллион теңгеге жуық шетелдік грант жеңіп алды
Алматы облысындағы №39 гимназияның түлегі Алмат Сақийдулла АҚШ-тың жеті беделді университетінен шақырту алып, алтауы ұсынған ірі көлемдегі гранттарға ие болды, деп хабарлайды bairaqmedia.kz

Алматы облысындағы №39 гимназияның түлегі Алмат Сақийдулла АҚШ-тың жеті беделді университетінен шақырту алып, алтауы ұсынған ірі көлемдегі гранттарға ие болды, деп хабарлайды bairaqmedia.kz

Ол жеңіп алған гранттың жалпы соммасы шамамен 320 миллион теңге. Сонымен қатар, Малайзиядағы Xiamen University Malaysia оқу ордасы да оны толық грантпен қабылдаған.

Болашақ студент білімге деген ынтасы мен қажырлы еңбегінің арқасында University of Miami, Elmhurst, Caldwell, Augustana, UNO, FIU және басқа да оқу орындарынан оқуға ұсыныс алды.

Алмат Сақийдулланың IELTS нәтижесі – 7.0, ал SAT – 1420 балл. Қазір ол Назарбаев Университетінен де ресми жауап күтуде.

Алмат «Алтын белгі» үміткері. Оның жетістігі – жастардың әлеуетіне сенімді арттыратын жарқын мысал.