Алматы облысында қорықшы ер адамның аяғына оқ атты. Оқыс оқиға бейнеленген видео әлеуметтік желіде жарияланды, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.
Бейнежазбада қолына мылтық ұстаған қорықшы мен ер адамның сөзге келіп, дауласып тұрғаны көрінеді. Кенеттен қорықшы қарсы тұрған жәбірленушінің аяғына оқ атып жібереді.
Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған.
Денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтіру дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Алдын ала деректер бойынша, жанжал өзара келіспеушіліктің салдарынан туындаған, – делінген хабарламада.
Сондай-ақ, барлық жағдайды жан-жақты, толық әрі объектив зерттеу мақсатында кешенді тергеу әрекеттері жүргізіліп жатқаны атап өтілді.