Алматы облысында "Алматы – Бішкек" автожолының 65-шақырымында жол апаты болып, 6 адам қайтыс болды, деп хабарлайды облыстық полиция департаменті.
"Жол апаты салдарынан екі жүргізуші мен үш жолаушы оқиға орнында алған жарақаттарынан көз жұмды. Бір жолаушы ауруханаға жеткізілгенімен, дәрігерлердің барлық әрекетіне қарамастан, медициналық мекемеде қайтыс болды", - дейді ведомстводағылар.