Алматы облысында жер сілкінісі тіркелді

Редактор
1 мая 2025 г., 17:38
Алматы облысында жер сілкінісі тіркелді
Жер сілкінісінің дүмпуі сезілмеген және қауіп төндірмейді

Алматы облысында жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.

Сейсмологиялық бақылаулар мен зерттеулердің ұлттық ғылыми орталығының сейсмикалық станциялар желісі бүгін сағат 08:19-де жер сілкінісін тіркеді. 

Эпицентрі – Алматы облысындағы Кеген ауданы Қарқара ауылынан 10 шақырым қашықтықта, Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 201 шақырым жерде.

Жер сілкінісінің дүмпуі сезілмеген және қауіп төндірмейді.