Алматы облысы Іле аудандық соты аудандық білім бөлімінің басшысы Л.Каткееваға және осы бөлімнің 7 бухгалтеріне қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.
Ақпаратқа сәйкес, сотталушылар білім беру саласында нақты жұмыс істемеген адамдарға жалақы аудару арқылы 686 млн теңге көлемінде бюджет қаражатын жымқырғаны үшін кінәлі деп танылған.
Сонымен қатар, ол лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланып, өзінің жүргізушісін ведомстволық бағынысты мектеп-гимназияға кәсіптік бағдар беруші лауазымына жалған жұмысқа орналастырған. Оған жалпы көлемі 4,9 млн теңге жалақы заңсыз төленген.
Каткеева мемлекеттік қызметте қызмет атқаруға өмір бойына тыйым сала отырып, 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Бухгалтерлерге мемлекеттік қызметте 10 жыл қызмет атқаруға тыйым салынып, 7 жылдан 8 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, – делінген Антикор хабарламасында.
Сот актісі заңды күшіне енген жоқ.