Алматы хайуанаттар бағы рекорд орнатты, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.
Қала әкімдігінің мәліметіне сәйкес, 2024 жылы хайуанаттар бағы соңғы 37 жылда алғаш рет 1 097 236 қонақты қабылдаған.

Ақпаратқа сәйкес, хайуанаттар бағында 361 түрден тұратын 3 838 жануар бар, оларға 223 маман күтім жасайды. Жалпы келушілердің 250 мыңы хайуанаттар бағына тегін кірген – олар 6 жасқа дейінгі балалар, көпбалалы отбасылар, зейнеткерлер және мүмкіндігі шектеулі жандар.

Билет бағасы қолжетімді болып қала береді: ересектерге – 800 теңге, балаларға – 300 теңге. Бұл жаңа рекордқа хайуанаттар бағының артып келе жатқан танымалдығы себеп болған. Табиғатты сүйетіндер мен отбасылық демалысты қалайтындар үшін хайуанаттар бағы ерекше тартымды орынға айналуда. Сонымен қатар, мұнда хайуанаттар мектебі аясында балаларға арналған түрлі үйірмелер жұмыс істейді, – делінген хабарламада.
Алдағы жылдары хайуанаттар бағында ауқымды жаңғырту жұмыстары жоспарланған: реконструкция халықаралық стандартқа сәйкес кезең-кезеңімен жүргізіледі.