Синоптиктер алдағы күндері ел аумағында қатты жаңбыр, бұршақ жауып, ауа температурасы төмендейтінін болжады, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.
30 тамызда құбылмалы күн райы Қазақстанның оңтүстік-шығысын да қамтиды. Бұл жақтағы өңірлерде жаңбыр, найзағай күтіледі.
30 тамызда еліміздің солтүстігінде, шығысында және орталығында бұршақ, қатты жаңбыр жауып, екпінді жел тұруы ықтимал.
Сондай-ақ алдағы күндері республика бойынша жел күшейіп, батыста, солтүстікте, солтүстік-батыста түнде және таңертең тұман түсуі мүмкін.
Сонымен қатар ел аумағында ауа температурасының төмендеуі күтіледі:
Батыста ауа температурасы +20…+31°С шегінде, оңтүстік-батыста +27…+35°С болады. Оңтүстік-шығыста +33…+38°С ыстық сақталады, таулы аймақтарда +23…+28°С болады.