«Қазгидромет» РМҚ синоптиктері алдағы күндерге арналған ауа райы болжамын жариялады.
Болжамға сенсек, алдағы күндері де Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауа райын антициклонның сілемі анықтайды.
Елдің көптеген өңірлерінде ашық, жылы, жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Тек республиканың батысы мен солтүстік-батысында циклон ойпатының ықпалынан жауын-шашын (негізінен жаңбыр түрінде) күтіледі.
Республика аумағында желдің күшеюі болжанады, ал түнгі және таңертеңгі сағаттарда батыс, солтүстік және шығыс өңірлерінде тұман түсуі ықтимал.
Ауа температурасының айтарлықтай өзгерісі күтілмейді.