Алаяқтар енді әкімдердің атын жамылып халықтан ақша сұрауға көшті

Редактор
28 янв. 2025 г., 17:00
Алаяқтар енді әкімдердің атын жамылып халықтан ақша сұрауға көшті

Шығыс Қазақстан облысында алаяқтар Алтай ауданының әкімі Ренат Құрмамбаевтың атынан жұрттан ақша сұрап жатыр.

Қазақпарат сайтының жазуынша, алаяқтар Алтай ауданының әкімі Ренат Құрмамбаевтың атынан WhatsApp мессенджерінде халыққа түрлі хабарламалар жіберген. Ақша сұраған.

"Алаяқтар менің атымнан хабарламалар жіберіп жатыр. Бұған сенбеңіздер! Ол менің нөмірім емес. Сондықтан бірден сол нөмірді бұғаттап тастаңыздар", - дейді Ренат Құрмамбаев.

 Әзірге алданып қалғандардың бар-жоғы белгісіз.

Бұл алаяқтардың әкімдік қызметкерлерінің атын жамылған бірінші жағдай емес. ШҚО әкімі баспасөз қызметінің мәліметінше, әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде орталық және жергілікті мемлекеттік мекеме басшылары атынан фейк парақша ашып, түрлі сылтаумен көмек көрсетуді сұрап, хабарлама жіберген жағдайлар көбейген. Олар негізінен қарызға ақша сұрап жатады.