Айбек Смадияров жаңа қызметке тағайындалды

Редактор
15 дек. 2025 г., 14:18
Айбек Смадияров жаңа қызметке тағайындалды

Айбек Смадияров жаңа қызметке тағайындалды, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.

Мемлекет басшысының өкімімен Айбек Серікбайұлы Смадияров Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды, - деп жазылған Ақорда хабарламасында.

Еске салайық, бұған дейін Айбек Смадияров Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі қызметінен кеткені хабарланды.