56 адам уланған: Екібастұзда мейрамхана иесіне сот үкімі шықты

Редактор
22 апр. 2025 г., 17:59
56 адам уланған: Екібастұзда мейрамхана иесіне сот үкімі шықты

Екібастұзда адамдардың жаппай улануына байланысты дауға нүкте қойылды, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz
 
Атап айтқанда, 2024 жылдың 14-16 сәуір аралығында Астана, Қарағанды, Павлодар және Екібастұз қалаларындағы медициналық мекемелерге әртүрлі тамақтан улану белгілерімен 56 адам жүгінген. Олардың бәрі Екібастұздадағы мейрамханада өткен салтанатты шараға қатысқан болып шықты.

Зардап шеккен адамдардың санына байланысты, тергеу басталған сәттен бастап, қылмыстық іс Екібастұз прокуратурасының бақылауында болды. Процессуалдық прокурорлар тағайындалып, сараптамалар ұйымдастырылды, тергеу тобының шығуы ұйымдастырылды. Екібастұз қалалық сотының үкімімен кінәлі тұлға қоғамдық тамақтану саласында қызметпен айналысуға тыйым салынып, еркіндігін шектеу жазасына кесілді, – делінген хабарламада.

Зардап шеккендер сот шешімімен қанағаттанды, тек мейрамхана иесі сот үкімін қайта қарау үшін шағымданды.