Қарағанды облысында білім саласында 300 миллион теңгеден астам ұрланған, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.
Облыстық прокуратура мәліметінше, аталған жайт «№33 мектеп-бөбекжай-бақша кешені» КММ-де бюджет заңнамасының сақталуына тексеру жүргізілгеннен кейін анықталған.
Тексеріс барысында аталған мекеменің екі есепшісі 15 жыл бойы өздеріне белгіленген нормадан артық жалақыны заңсыз аударғандығы белгілі болды. Ұрлықтың сомасы 300 миллион теңгеден асты, – делінген хабарламада.
Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.