Президент Түркі мемлекеттері ұйымының саммитіне қатысу үшін Бішкекке барды

Редактор
6 нояб. 2024 г., 19:48
Президент Түркі мемлекеттері ұйымының саммитіне қатысу үшін Бішкекке барды

Мемлекет басшысын Манас әуежайынан Қырғызстан Министрлер кабинетінің төрағасы – Қырғызстан Президенті Әкімшілігінің басшысы Ақылбек Жапаров қарсы алды.

Осыдан соң Мемлекет басшысы Бішкектегі «Ынтымақ Ордо» ғимаратына келді.
Қасым-Жомарт Тоқаевты Қырғызстан президенті Садыр Жапаров қарсы алды.

Сәлден кейін Түркі мемлекеттері ұйымының саммиті басталады. Шара «Экономикалық интеграция, тұрақты даму, цифрлық болашақ және қауіпсіздік» тақырыбында өтеді, - делінген Ақорда таратқан хабарламада.

Түркі мемлекеттері ұйымының XI саммитіне қатысушылардың бірге түскен суреті жарияланды.