218 млн теңге салықтан жалтарған маңғыстаулықтың үстінен іс қозғалды

Редактор
04.06.2025, 15:31
218 млн теңге салықтан жалтарған маңғыстаулықтың үстінен іс қозғалды
Прокуратура салық заңнамасының сақталуына тексеру жүргізді

Маңғыстау облысында мүліктік табыстан 218 миллион теңге көлемінде салық төлеуден жалтару фактісі анықталды, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.

Салық кодекстің 330-бабына сәйкес, жеке тұлғаның салық салынатын мүліктік кірісіне Қазақстан Республикасындағы мүлікті өткізу кезінде құн өсімінен түсетін кіріс жатады.

Алайда заң талаптары мен салық органы жолдаған хабарламаларға қарамастан, салық төлеуші салықтық тексеру нәтижесінде есептелген соманы төлеу жөніндегі міндеттемесін орындамаған, - делінген хабарламада.

Аталған факті бойынша облыс прокуратурасымен Қылмыстық кодекстің 244-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеліп жатыр.