11 өңірде дауылды ескерту жарияланды

Редактор
26 янв. 2025 г., 15:15
11 өңірде дауылды ескерту жарияланды

Қазақстанның 11 өңірінде дауылдық ескертулер жарияланды, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.

Ақпаратқа сәйкес, бірнеше өңірінде қолайсыз ауа райы күтіледі.

Алматы облысында жолдарда көктайғақ болып, шығыс, оңтүстік-шығыстан соққан жел екпіні секундына 18-23 метрге дейін жетеді.

Жетісу облысында желдің екпіні секундына 15-28 метр болмақ.

Қызылорда облысында ауа-райы нашарлап, желдің екпіні секундына 15-20 метр болады.

Абай облысында жел оңтүстік-шығыстан күтіледі, оның екпіні секундына 15-20 метр болады деп болажынп отыр.

Шығыс Қазақстан облысында желдің екпіні – секундына 15-18 метр.

Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау, Қостанай облыстарында тұман күтіледі.

Ал Астанада күн алабұлтты, күндіз 10 -12°C, түнде -18-20°C суық болады.

Алматыда күн алабұлтты, күндіз 0 -°2C, түнде 10-12°C салқын болады деп күтіледі.

Шымкентте күн ашық болады. Күндіз сынап бағанасы +8+10°C, түнде -5-7°C-ты көрсетеді.